ДРОЗОФИЛА БЕЛГІЛЕРІНЕ ГИБРИДОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫНДА DROSOPHILA MELANOGASTER ҚОЛДАНУ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.112.4.013%20

Түйінді сөздер:

дрозофила, генетикалық талдау, Мендель заңдары, тұқым қуалау, генотип, фенотип, зертханалық жұмыс, гибридологиялық талдау

Аннотация

Мақалада биология ғылымын оқыту барысында білімгерлерге Drosophila
melanogaster (жеміс шыбынының) зерттеу объектісі, зерттеу моделі ретінде қолданудың
артықшылықтары мен тиімділігі,зерттеу және зертханалық жұмыстардың жүргізілу
принципінің қол жетімділігі қарастырылады. Дрозофиланың қысқа өмірлік циклы, ұрпақ
санының көптігі, хромосомаларының үлкендігі мен анық көрінетін фенотиптік белгілері
генетикалық заңдылықтарды зерттеуді жеңілдетеді. Бұл зерттеулердің мақсаты –
студенттер мен оқушыларға Мендель заңдары, гендердің тәуелсіз ажырауы, жынысқа
тіркелген тұқым қуалау заңдылықтары сияқты негізгі генетикалық ұғымдарды түсіндіру
және практикалық дағдылар қалыптастыру.Оқыту әдістемесінде дрозофилаға
негізделген зертханалық тәжірибелерді қолдану оқушылардың зерттеушілік дағдыларын
арттырып, генетикалық материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді. Жұмыс
барысында дрозофила меланогастердің биологиялық ерекшеліктеріне, генетикалық
талдау әдістеріне және алынған мәліметтерді интерпретациялауға ерекше назар
аударылады. Бұл әдістеме тек теориялық білім берумен шектелмей, сонымен қатар
биология пәнін оқытудағы практикалық компонентті күшейтеді. Зертханалық жұмыс
көптеген оқу бағдарламаларының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Студенттер теориялық негіздерді тәжірибеде меңгеріп, практикалық дағдыларды
меңгереді. Зерттеу тәжірибесі бақылау, өлшеу, материалдармен және компьютерлік
техникамен жұмыс істеу қабілетін дамытады.

Жүктеулер

Жарияланды

27.12.2024