ҚАЗАҚ БИДАЙЫНЫҢ ӨСІМДІК БИІКТІГІ БОЙЫНША ӨЗГЕРГІШТІГІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ОҚУШЫЛАРҒА ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ТҮСІНДІРУ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.112.4.011

Түйінді сөздер:

Бидай, өсімдік биіктігі, популяция, ген, өзгергіштік, өнімділік, вегетациялық кезең, төзімділік, селекция

Аннотация

Бұл зерттеуде Қазақ бидайының бірнеше сорттар арасындағы өсімдік биіктігі
бойынша өзгергіштігі зерттелген. Алынған нәтижелерді талдап, зерттеу арқылы өсімдік
биіктігіне әсер ететін генетикалық фактор мен сыртқы орта факторларын және бидайдың
өнімділігін арттыру жолдарын оқушыларға көрсете аламыз. Зерттеулердің нәтижелерін
оқушыларға ұсынудың маңыздылығы генетикалық мәліметтерді түсіндіру және өсімдік
белгілерінің өзгергіштігі мен олардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі арасындағы
байланысты түсіну дағдыларын дамыту үшін ұсынылады. Бұл білім селекция және
агробиотехнология саласындағы құзыреттерді дамытуға ықпал етеді, бұл әсіресе
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін және тұрақты ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету
жағдайында маңызды. Зерттеу Талдықорған қаласы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу
университетінің жылыжайына өсімдік биіктігі бойынша өзгергіштігін анықтау үшін бидай
дәндері егіліп, өсірілді. Өсімдік биіктігі мен оның құрамдас бөліктері арасындағы
генетикалық байланысты анықтау үшін талдаулар жасалынды. Бұл зерттеу оқушылар мен
студенттерге және селекционерлерге түсінік беру үшін қазақ бидайындағы өсімдік биіктігі
бойынша өзгеруін анықтаушы салдары мен факторларын зерттейді. Себебі, әртүрлі
белгілердің өсімдік биіктігімен байлынысы бар екенін түсіну, оқушылар үшін көптеген
жаңалықтардың ашулына жол табады.

Жүктеулер

Жарияланды

27.12.2024