ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИСЛЕКСИЯ МЕН ДИСГРАФИЯНЫ ТҮЗЕТУДІҢ АСПЕКТІЛЕРІ: КЕШЕНДІ ТӘСІЛДІ СӘТТІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.114.1.005%20

Түйінді сөздер:

дислексия, дисграфия, нейролингвистика, қазақ тілі сабағы, оқу және жазу бұзылыстарын түзету механизмі

Аннотация

Тіл мен сөйлеу - адамның ойлауы мен қарым-қатынасының ажырамас бөлігі.  Қазіргі таңда оқу, жазу дағдыларының бұзылысы көптеген балаларда кездеседі. Мақалада дислексия, дисграфия сияқты ұғымдарға ғылыми анықтама, сондай-ақ олардың белгілері сипатталады. Дислексия мен дисграфияны түзетудің лингвистикалық аспектілеріне ерекше назар аударылып, зерттеу қарастырылады. Авторлар оқу мен жазудағы бұзылулардың түрлі түрлерін сипаттай отырып, бұзылыстардың жекелей емес, кешенді талдау қажеттілігін атап өтеді. Зерттеу барысында балалардың оқу дағдыларындағы қиындықтарды шешуге арналған арнайы жаттығулар мен тапсырмалар ұсынылады. Сапалық әдіс пен бақылау, эксперимент әдістері арқылы алынған мәліметтер нәтижесінде, дислексиямен ауыратын балалардың оқу дағдыларын жақсартуға бағытталған түзету жұмыстарының тиімділігі көрсетіледі. Ерте диагностика мен уақытында көмек көрсету арқылы балалардың оқу дағдыларын дамыту мүмкіндіктері артатыны баяндалады. Мақалада нейропсихологиялық және педагогикалық аспектілерді интеграциялау қажеттілігі, сондай-ақ мұғалімдердің арнайы білім алуының маңыздылығы ерекше назарға алынады.

Жүктеулер

Жарияланды

28.03.2025