ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КІРМЕ СӨЗДЕР

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.111.2.010

Түйінді сөздер:

Латындандыру, көптілділік, кірме сөздер, терминдер, терминология, лексика, фонетикалық транскрипция, сөздік қор, қазақ тілін оқыту әдістемесі

Аннотация

Мақала тәуелсіздік жылдарында қазақ тіліне енген жаңа сөздерді талдауға арналған.
Кірме сөздерді қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтарына икемдеп жазу және оның
принциптерін жан-жақты қарастыру қазіргі кезде маңызды болып отыр. Қазақ тіліндегі
кірме сөздерді бір сарынды тұрғыдан сипаттап, теориялық негіздеп, тәжірибе негізінде оқыту
тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл жұмыста сонымен қатар қазақ тілінің сөздік
құрамындағы басқа тілдерден аударылған және енген, бірақ сонымен бірге латын тілінен
шыққан ортақ түбір сөздердің құрамына талдау жасалынады. Сонымен қатар ғылыми
мақалада сөздердің бір тілден екінші тілге қабылдану процесі, оның себептері мен шарттары,
басқа тілден сөздердің алыну заңдылығы мен принциптері, сөзжасамның ұлттық
көзқарастары мен тәжірибесі толыққанды қарастырылған.

Қосымша файлдар

Жарияланды

24.06.2024