ЕЛІМІЗДІҢ СУ ҚОЙМАЛАРЫНДА ПАРАЗИТТІК ҚҰРТТАРДЫҢ ТАРАЛУЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.109.4.022

Түйінді сөздер:

Diphyllobothrium latum, морфология, паразит құрттар, су қоймасы

Аннотация

Мақалада еліміздің су қоймаларында алынған балықтардағы гельминтерге талдау жүргізілді және олардың классификациясы жасалынды. Кең таралған гельминттердің эпизоотологиясы зерттелді,  гельминттердің түраралық қатынастары қарастырылды. Жұмыстың мақсаты Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы және Іле өзенінеде тіршілік ететін балықтардың паразиттерінің биологиясы мен таралуын зерттеу, су қоймаларында тіршілік ететін балықтарда Diphyllobothrium latum-ның кездесу жиілігін анықтау. Зерттеу әдістемесі: осы мақсатқа жету үшін морфологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізілді және оларға салыстырмалы талдаулар жасалынды. Зерттеу нәтижелері бойыша еліміздің су қоймаларында тіршілік ететін балықтарда түрлі паразиттік құрттардың кездесуі байқалады, бұл өз кезегінде еліміздегі су қоймаларының экологиялық ахуалының төмен екендігін көрсетті. Зерттеулер барысында балықтардағы паразиттік құрттардың соңғы тіршілік иесі адамдар мен жоғарғы сатыдағы жануарлар екендігі анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

23.02.2024

Шығарылым

Бөлім

Естественно-техническое направление