ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС – ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Forming the attitudes of primary school students towards real life through the development of reading literacy
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.111.2.009%20Түйінді сөздер:
жалпы оқу сауаттылығы, тілдік дағдыны қалыптастыру, мәтінмен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, қабылдау, күнделікті тыңдалым, тұтас мәтін, әдіс тәсілдерАннотация
Бұл мақалада интербелсенді әдіс тәсілдер арқылы бастауыш сынып
оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру жолдары қарастырылған.
Бастауыш сыныпта көркем оқуға үйретудің басым мақсаты – бастауыш сынып
оқушысының оқу сауаттылығын дамыту, өзін оқу әрекетін өзін-өзі тәрбиелеу құралы
ретінде пайдалана алатын сауатты оқырман ретінде тану. «Оқу сауаттылығы» тіркесі
1991 жылы халықаралық тестілеу контексінде пайда болды. PISA зерттеуінде «оқу
сауаттылығы – адамның жазбаша мәтіндерді түсіну және пайдалану, олар туралы
ойлану және өз мақсаттарына жету үшін оқумен айналысу қабілеті, білім деңгейін
кеңейту. Олардың білімі мен мүмкіндіктерін, қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз
етеді». Мақалада халықаралық PISA зерттеуінде оқушылардың функционалдық
сауаттылығы бағаланатын үш бағыттың бірі – оқу сауаттылығын арттыру үшін
мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары талқыланады. Сауатты оқуды дамытудың
әртүрлі әдістері мен мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген.