ҚАЗІРГІ ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДИАЛОГТЫҚ СӨЙЛЕУ ФОРМАСЫН ДАМЫТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.111.2.016%20Түйінді сөздер:
сөйлеу, балалар, кезеңдер, ойын, монолог, диалогАннотация
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді дамытудың маңызды
аспектісі қарастырылады. Сөйлеу дамуы ерте балалық шақтан басталып, өмір бойы
жалғасады. Сөйлеуді дамытудың жоғары деңгейі адамға өмірдің барлық салаларына
толық қатысуға, қарым-қатынас мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Мақала авторлары диалог-бұл сөйлеудің негізгі формасы, оның барысында ақпарат,
пікірлер мен эмоциялар алмасады. Белгілі ғалымдардың, психологтардың еңбектеріне
және олардың осы тақырыпқа көзқарастарына талдау жасалады. Мақалада балалардың
сөйлеу дамуының негізгі мәселелері, оның орталығы бала және оның қоршаған әлеммен
өзара әрекеттесуі көрсетілген.
А.Н.Леонтьев бойынша сөйлеу дағдыларын дамытудың негізгі төрт кезеңі
анықталды және қарастырылды. Зерттеу А.Г. Арушанова ұсынған әдістемелерге сүйене
отырып жүргізілді.